"Жұлдыз "санаторлық үлгідегі облыстық орта мектеп – интернаты" КММ-де мемлекеттік қызмет көрсету үшін кабинет, оның ішінде өтініш үлгілері мен қажетті құжаттар тізбесі бар мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд жабдықталған. Тубконтактілі балаларды оқыту мен сауықтыруға іріктеу комиссиясының қорытындысына және Ақмола облысы білім басқармасының жолдамасына сәйкес жолданады. Қорытынды мен жолдама негізінде балаларды оқыту мен сауықтыруға құжаттар қабылданады. Құжаттарды қабылдағаннан кейін баланы мектепке қабылдау туралы бұйрық жасалады. Барлық құжаттар электронды және қағаз түрінде ресімделеді. Ай сайын Ақмола облысының білім басқармасына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп жіберіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету екі тілде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауға 15 минут уақыт бөледі.
Есепті кезеңде мектеп-интернаттың оқушыларымен және қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтерге байланысты ақпарат беру бойынша іс-шаралар өткізілді.