1.Ұйым туралы мәліметтер:
Ақмола облысының білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп – интернаты» КММ, Зеленый Бор ауылы
Байланыс телефондары: 8(71636) 74 2 03
Директор Гурский Евгений Викторович
Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты тұлғалар:
Алибаева Г. А., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ахметова А. М., әлеуметтік педагог
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
№ п/п
|
Атауы мемлекеттік қызметтер |
Атауы мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме |
Саны көрсетілген қызметтер 2020 жылы |
1
|
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» |
Ақмола облысының білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп – интернаты» КММ
|
294 |
2 |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы. |
Ақмола облысының білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп – интернаты» КММ
|
4 |
II. Қызмет алушылармен жұмыс.
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат мектеп - интернаттың ресми Интернет - ресурсында орналастырылған:
http://vs0001.burabay.aqmoedu.kz/content/okazanie-gosudarstvennyh-uslug
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат стендтерде орналастырылған. Сондай – ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің әрбір түрі бойынша үлестірме материал-буклеттер бар.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:
Көрсетілетін қызметті алушылар, жауапты тұлғалар жүгінген кезде мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ "мемлекеттік қызметтер көрсету" бағыты бойынша сұрақтар түскен кездегі кеңестерде толық жауаптар беріледі, есепті кезеңдегі көрсеткіштер айтылады, ұсыныстар мен туындаған мәселелер талқыланады.
III. Мемлекеттік қызметтерді жетілдіру жөніндегі қызмет.
1.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандырудың мақсаты мектеп қызмет көрсетушілерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жеңілдету және жеделдету болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғалар мектепте жұмыскерлерге электрондық-цифрлық қолтаңба алу қажеттілігі туралы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта одан әрі алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мектепте мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндігі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауаптылар (2 адам) тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өз білімдерін арттырады, семинарларға қатысады.
IV. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:
Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2. Ішкі мемлекеттік қызметтердің нәтижелері:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында ай сайын Ақмола облысының білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп – интернаты» КММ -нің мемлекеттік қызмет көрсету есебі дайындалып, қысқартылады. Жыл сайын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметті тексеру жүзеге асырылады, қорытындысы бойынша анықталған ескертулер дереу жойылады, тексерулер барысында ұсынымдар, тапсырмалар беріледі.
Бұзушылықтар саны – 0.