02.03.2026
2026 жылғы 2-наурыз күні Ақмола облысы білім басқармасының "Жұлдыз" санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты" КММ-нің мемлекеттік тілде оқытылатын 2,4-сынып және 1,3,4-орыс сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты – оқушыларға заң ұғымын түсіндіру, тәртіптің қоғамдағы маңызын ұғындыру және олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы қарапайым тілмен мағлұмат берілді. Ата Заңымызда әрбір азаматтың құқығы мен бостандығы қорғалатыны, сондай-ақ әр адамның өз міндеттері бар екені түсіндірілді. Балалар өз құқықтары туралы айтып, мектептегі және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін талқылады.
Сынып сағаты оқушылардың құқықтық білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың бойында әділдік, жауапкершілік, сыйластық сияқты құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті.
Касенова Н.К., Сарсекеева А.А., Баяндинова Д.В.
