"Who is the best" викторина 2022-2023 оқу жылы

Гуманитарлық бағыттағы пәндер онкүндігі аясында "Who is the best"  атты тақырыпта 8-сыныпта викториналық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: 
- Оқушылардың ағылшын тілі сабағына қызушылықтарын арттыра отырып, білім мен біліктерін нығайту;
- Топ арқылы бірлесе жұмыс жасауға үйрету;
- Тыңдай білуге, сөйлей білуге,жаза білуге, грамматикалық тапсырмаларды орындай білуге баулу және пәнге деген мотивацияларын арттыру. 
Іс-шараға оқушылар белсене қатысты. Барлығы бірге сөз жұмбақты және түрлі тапсырмаларды орындады. Топтық жұмыста "The Sun" тобы жеңіске жетті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Директордың ОІ жөніндегі орынбасары Г. Алибаева