Мамандық таңдау - бұл сіздің болашақ тағдырыңыз көп жағдайда байланысты болатын қиын және маңызды мәселе. Осы мақсатта «Жұлдыз» мектеп-интернатында «Мамандықтар күні» атты тақырыптық күн өткізілді. Әр түрлі мамандық иелеріне деген сыйластық пен мейірімділік. Оқушылардың қызығушылықпен, толқумен түрлі тапсырмаларды орындауға белсене араласуы балалардың көптеген мамандықтарды жақсы меңгеріп қана қоймай, көбінің болашаққа мамандық таңдағанын көрсетті. Олар өздерінің болашақ мамандықтарының суретін салып, мамандықтар туралы викториналар мен жұмбақтарды шешуден жарысты, әр топтағы мамандықтарды сипаттап, әр мамандық иелерінің бойында болуы керек қасиеттерді атап өтті. Шара соңында балалар адамның мамандық таңдауы саналы және ынталы болуы керек деген қорытындыға келді.
Тәрбиеші: Бектасова Д. А.