АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

2017 жылдағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі КММ Ақмола облысының білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп–интернаты»

02.03.2018

Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы  сәуіріндегі №179 қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды  қабылдау және оқуға қабылдау», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жығы 9 қарашадағы №632 болып тіркелген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы мемлекеттік  қызметтер көрсетілді.

«Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп – интернаты КММ  мемлекеттік қызмет көрсету келесі түрлермен қорытындылайды;

І. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды  қабылдау және оқуға қабылдау» ; білім басқармасымен арнайы жолдамамен жіберілген және балаларды іріктеу комиссиясының қорытындысымен.

Құжаттар тізбесі:

  1. осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
  2. 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/е  нысан;
  4. 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосурет;
  5. педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда).

ІІ. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы.

Құжаттар  тізбесі:

  1. Осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтініш;
  2.  жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
  3. білімі туралы диплом көшірмесі;
  4. біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;
  5. қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;
  6. бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім;

         «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп – интернатында арнайы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кабинет құрылған болатын, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд, өтініш үлгілері және қажетті құжаттар тізбесі бар. Тубқатынастық балалардың оқуға және сауықтыруға Ақмола білім басқармасы және іріктеу комиссия қорытынды бойынша хаттама жолдайды. Сол хаттама бойынша балаларды оқуға және сауықтыруға құжаттар қабылдайды. Құжаттарды қабылдағаннан кейін, мектеп ішінде баланы қабылдау туралы бұйрық жасалынады. Бүкіл құжаттар электрондық және қағаз түрде істелінеді. Ай сайын Ақмола білм басқармасына мемлекеттік қызмет беру үшін көрсетілетін қызмет алушының саны бойынша есеп жіберіледі. Мемлекеттік қызмет көрстеуі 2 тілде жүреді. Көрсетілетін қызмет берушінің құжаттарды қабылдауға 15 минут беріледі. Оқуға және сауықтыруға келген оқушылардың электрондық тізімі жүріп жатыр. Сол тізімде баланың аты-жөні, туған жылы, мекенжайы, сыныбы, ұлты, мектебі, келген күні, оқу тілі және сауықтыру мерзімі толтырылады. Оқу мен сауықтыру мерзімі аяқтағаннан кейін, мектеп ішінде балаларды шығару бойынша бұйрық жасалынады. Балаларға медициналық және сабақ үлгерімінің анықтамасы беріледі.

2016 жылы Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру ұйымдарына «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды  қабылдау және оқуға қабылдау»  саны – 676 адам;

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау саны – 1 адам;

шағымдар және бұзушылықтар саны – 0.

Есеп

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст