Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «ТӨРТ ТОҚСАН – ТОРТ ӨНЕР», Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «ТОҒЫЗ АЙҒА – 9 ІС-ШАРА» концепциясына сәйкес біздің «Жұлдыз» мектебімізде көркем еңбек және бастауыш сынып мұғалімдерімен «Ұлттық өнер» көрмесі өткізілді.
Мақсаты: ұрпақтар сабақтастығын дамыту, оқушылардың ұлттық өнерге, халық шығармашылығына және де мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның, отбасының мәдени мұрасы құндылықтарына тәрбиелеу.
Міндеттері:
- оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейту, дәстүрлі ұлттық өнер мен халық өнерінің алуан түрлеріне қызығушылықтарын дамыту;
- ұлттық өнер мен халық өнерінің озық жетістіктерімен таныстыру арқылы патриоттық сезімге, эстетикалық талғамға, Қазақстанның мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- ұлттық өнерді, халықтық қолданбалы өнерді, қолөнерді меңгеру және дамыту үшін оқушыларды шығармашылық іс-әрекеттің әр түріне баулу.
Көркем еңбек пәні мұғалімі: Бейсембаева А. З.
Бастауыш сынып мұғалімдері: Сарсекеева А. А., Нұрташ Ж. Б., Седенкова Н. В., Баяндинова Д. В., Касенова Н. К.
#3тоқсан#ұлттықөнер