Мектеп-интернаттағы кезекті 8 наурыз өте қызықты өтті. Бұл күні оқушылармен «8 наурыз мерекесінің шығу тарихы», «Басқа елдерде халықаралық әйелдер күнін тойлау дәстүрлері» және «8 наурыз: мерекенің тарихы» тақырыптарында әңгімелер өткізілді; «Мен саған анамды сыйлаймын» шығармашылық шеберханасы, мұнда оқушылар өз қолдарымен аналарына сыйлық жасады; «Анаға сыйлық» сурет байқауы біздің балаларымыздың қаншалықты дарынды екенін көрсетті. Сондай-ақ, оқушылармен «Сұлу қыздар», «Аналар мамандықтары», «Әйелдерге арнау» сияқты ойындар ойнатылып, олардың қаншалықты шығармашыл, қиялшыл екендіктерін көрсетті. Бұл күні оқушылар шуақты ауа-райында серуендеп, сырғанақтарға мініп, көңілді уақыт өткізді. Бұл күн оқушыларымыздың жадында бақытты күндердің бірі ретінде ұзақ сақталады.
Тәрбиеші: Есимбекова Ж. А.