Текст
18 ақпанда мектебімізде «Ұлы мәртебелі әдептілік» атты тақырыптық күн өтті. Бұл шараның мақсаты – балалардың қоғамдағы мінез - құлық ережелері мен этикет туралы білімдерін қорытындылау, жинақталған тәжірибесін тексеру және оны күнделікті өмірде қолдану. Күні бойы оқушылармен «Жақсы іс пен әдеп», «Әдептілік деген не?», «Еңбек – өмір негізі» ауызша журналы, «Достық гүлдері», «Сыпайы сөздер сөздігі» тренингтері, «Әдепті - әдепсіз», «Әдепті болсаң», «Еңбек әрқашан пайдалы» ойындары. Балалар өздерінің әдептілігі мен тәрбиесін көрсетіп, өзін - өзі жетілдіруге құштарлығын танытып, жағымды энергия зарядын алды. Күн соңында ойындар мен викториналардың жеңімпаздарына естелік мақтау қағаздарымен мен тәтті сыйлықтарға ие болды.
Тәрбиеші: Журавлев Е. А.