Текст
2024 жылғы 16-ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп - интернаты» КММ-нің бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 4-сыныпта жаратылыстану пәнінен «Кенді пайдалы қазбалар деген не?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: табиғат ресурстарының түрі мен көздерін анықтап, кеннің не екенін, оның қалай өндірілетінін білу. Оқушылар сабақта қызығушылық танытып, белсене қатысты.
Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсекеева А. А.