Текст
2024 жылдың 8 қаңтарда Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп - интернаты» КММ 2023 - 2024 оқу жылының үшінші оқу тоқсанының басталуына арналған кезекті жиынтығы өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалған соң мектеп директоры Г. А. Әлібаева оқушыларды ІІІ тоқсанның басталуымен құттықтап, оқуларына сәттілік тіледі. Мектептің оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Умирханова М. С. оқушыларға қауіпсіз мінез - құлық ережелерін сақтау қажеттігін еске салып, тапсырмаларды белгілеп, негізгілерін атап көрсетті.
Оқу жұмысы жөніндегі орынбасары: Умирханова М. С.