Текст
2023 жылдың 29 қарашасында жаратылыстану - математикалық бағыттағы онкүндік аясында 8 сыныпта физика пәнінен «Логика қайда - Где логика» атты сыныптан тыс іс - шара өткізілді. Бұл іс - шараның мақсаты: Оқушыларды пәнді тереңірек және жан - жақты меңгеруге ынталандыру, физика сабағына қызығушылықтарын ояту. Балалар белсенді қатысып, шығармашылық қабілеттерін және пәнді оқуға танымдық қызығушылықтарын көрсетті. Сыныптан тыс іс - шара жемісті болды, топпен жұмыс барлық балаларға ұнады. Шара соңында оқушылар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Физика пәнінің мұғалімі: Айткен Б. А