2022 жылдың 11 қазанында «Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» облыстық санаториялық типтегі орта мектеп-интернаты» КММ-де география және жаратылыстану пәнінің мұғалімі Умирханова Махаббат Сериковна «Табиғатты аялайық!» тақырыбында сыныптантыс іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаттары: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Шара барысында келесі тәрбиелік аспектілер ескерілді: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілік пен қарауға жетелеу.
Шара барысында оқушылар топта белсенді жұмыс жасап, рөлдік ойындарға қатысып, дидактикалық материал мен жұмыс жасады.