Текст
«Променад Бурабай» экскурсиясы, бұл «Қазақстанның інжу-маржанының» қақ ортасында – Бурабай көлінің жағасында орналасқан тұрғын үй кешені. Мұнда сіз қаланың қарбаласынан демалуға, табиғаттың сұлулығынан ләззат алуға, физикалық денсаулық пен жан тыныштығын қалпына келтіруге болады. Экскурсияда балалар әдемі жаңа саябақта болып, тамашалады, спортпен шұғылданды, ашық ауада ойындар ойнады. Оқушылар көлдердің, таулардың, шексіз далалардың көрінісін тамашалады, естелік ретінде әдемі де қызықты фотосуреттерге түсті.Жігіттер экскурсияға риза болып, тамаша демалып, әдемі жерлерді аралап шыққандарына ризашылықтарын білдірді.
Тәрбиеші: Бектасова Д.А.