Балаларды емдік және профилактикалық мақсаттағы физиотерапиямен таныстыру. Физиотерапия - медицина саласындағы физикалық факторлардың физиотерапиялық процедурасы болып табылады. Физиотерапия процедуралары физиологиялық функцияларды орындайтын маңызды рөл атқаратын теріге жасалады. Ол терморегуляцияға, зат алмасуға , тері метоболизмі өнімдерін ағзадан шығаруға қатысады. Адамның терісінде жүйке талшықтары және жүйке ұштары көп. Сонымен қатар лимфа және қан тамырлары теріде мол қамтылған. Процедура алу кезінде негізгі мінез - құлық ережелері:
1. Теріңізді таза ұстау керек.
2. Тыныш жату позициясын ұстап, медициналық процедураны қабылдау.
3. Денсаулықтың нашарлауы,ауырсыну жағдайлары болған кезде дереу медбикеге хабар беру.
4. Кез - келген медициналық процедураны қабылдағаннан кейін міндетті түрде 10- 15 минут демалыңыз.
5. Электротерапия процедурасын қабылдағанда жылыту жүйесі батареяларға, онымен қоса кәріз құбырларына қол тигізуге болмайды.
Медбике Ахметова Г. К.