АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі»

21.02.2019

11.02.2019 ж. - 18.02.2019 ж. аралығында әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі өтті.

Онкүндіктің тақырыбы: «Жалқау емес, еңбек ету керек».

Онкүндіктің мақсаты:

- заманауи сабақтың негізгі критерийлерін түсіну;

- педагогтардың Заманауи педагогикалық технологияларға деген қызығушылығын арттыру.

Бастауыш сынып мұғалімдері онкүндіктің жоспарын құрай отырып, өз алдына осындай міндеттер қойды:

- оқуға жағымды уәждемені қалыптастыру;

- барлық балаларды оқыту және тәрбиелеу үдерісіне сабақ пен іс-шараларды өткізудің қызықты түрлері арқылы тарту;

- ұжымдық жұмыс істей білуді дамыту;

- балалардың зияткерлік, шығармашылық және физикалық қабілеттерін дамыту;

- оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ отырысында іс-шараларды өткізу жоспары құрылып, бекітілді. Барлық онкүндік еңбекке арналды.

Онкүндік шеңберінде өткізілді мұндай сабақтар:

1. «Сауат ашу «Б» дыбысы мен әрпі» 1 сынып - Сарсекеева А.А.

2. Математика «2, 5 санымен кестелік көбейту мен бөлуді бекіту» 2 сынып - Баяндинова Д.В.

3. Дүниетану «Тірі ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделуі» 4 сынып - Сафонова Е.С.

4. Қазақ тілі «Қарсы мәндес сын есім», «Зат есім», «Етістік» 2,3,4 сынып - Нұрташ Ж.Б.

5. Орыс тілі «Сын есім сөйлеу бөлігі ретінде. Сөйлемдегі рөл. Сын есімдерінің лексикалық мәндерінің әртүрлілігі» - 3 сынып-Седенкова Н.В.

Барлық сабақтарда жұмыстың заманауи формалары мен әдістері қолданылды: АКТ, ойындар, топтық және жұптық жұмыс түрлері, өзін - өзі тексеру, өзара тексеру, Денсаулық сақтау технологиялары және т. б.

Балалар үшін Қазақ тілі, Орыс тілі, математика пәндерінен қабырға газеттері шығарылды. Балалар сөзжұмбақтар, ребустар, жұмбақтар, шарадалар шешті.

Сонымен қатар оқушылар арасында «Жалқау емес, еңбек ету керек» суреттер конкурсы, «Каллиграфия минуты» конкурсы өткізілді. Мектеп қазақ және орыс тілдерінде еңбек туралы мақал-мәтелдермен безендірілді.

Онкүндік аясында «Шебер қолдар» атты қолөнер көрмесі өтті. Балалар қағаздан, бисерден, пластилиннен, табиғи материалдан, гипстен, пластикалық бөтелкеден керемет бұйымдар жасады.

Бастауыш сынып онкүндігі оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Барлық мұғалімдер пәндік онкүндік барысында жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті, мерекелік шығармашылық атмосфера құрды. Оқушылар пәндер бойынша жақсы білімдерін, түрлі жағдайларда білімдерін қолдана білуді, өзара көмек көрсетуді, қиын мәселелерді ерекше шешуді көрсетті.

Барлық оқушылар декадаға белсенді қатысып, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Седенкова Н.В.

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст