«Жұлдыз» мектеп-интернатының спорт кешенінде қысқы шағын Олимпиада ойындарының апталығы өтті. Мақсаты: өз денсаулығына және спортқа деген оң көзқарасты қалыптастыру.
Қысқы Олимпиада ойындарының тұмары Аққала болды.
Қысқы Кіші Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты әдемі және жарқын өтті. Ол парадтан басталды. Олимпиада қозғалысының Туы енгізілді. «Олимпиада ойындарында ең маңызды жеңіс емес, қатысу. Сіздерге сәттілік тілейміз!» - шағын Олимпиада ойындарының ашылуын жүзу нұсқаушысы Е. Алпысов осындай сөздермен аяқтады.
Шағын Олимпиада ойындарының бағдарламасына байқаулар кірді:
1. Таудан шанаға түсу.
2. Көңілді поезд (шаңғы).
3. Балалар фристайлы.
4. Биотлон-шаңғымен дротиктермен нысана бойынша ату.
5. Қардағы допты Хоккей.
6. Коньки – «Кім жылдам?»
7. Бассейн (судағы ойындар).
Жарысқа барлығы 90 оқушы қатысты.
Осы іс-шараға қатысу балаларға үлкен қуаныш, жағымды көңіл-күй сыйлады. Бұл күні ұтылғандар болған жоқ, өйткені барлығы күлді, таза ауада серуендеді. Оқушылар тамаша ойын көрсетті,командада жұмыс істей білу, бір-біріне көмектесу, ептілік ғажайыптарын, сайыстарда өзара көмек көрсету жылдамдықтарын көрсетті. Барлық қатысушыларға, тәрбиешілерге алғыс айтамыз. Баршаңызға зор денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер тілейміз.
Жүзу жөніндегі нұсқаушысы Е.Алпысов, З.Бектасов