Текст
10 ақпан күні «Жұлдыз» санаторлық типтегі мектеп-интернатында «Жауынгер-интернационалистерді еске алу күніне» арналған кезекті тақырыптық күн өтті. Сонымен қатар «Балалар соғыссыз әлем үшін!» атты суреттер сайысы өткізілді. Спорткешенінде бірқатар жарыстар өткізілді: кіші буын үшін «Үшінші артық» көңілді старттары жоғары буын ұлдары мен қыздарына «Футболшылар күні» эстафетасы болды.
Тақырыптық күннің соңында балаларға Ауғаныстандағы соғысқа арналған фильмдер көрсетілді. Күн балалар үшін пайдалы және есте қаларлық болды.
Тәрбиеші Ж.А.Есимбекова