23.02.2022
"Жұлдыз" мектеп -интернатында 7-9 сынып оқушыларымен "Вэйптер және электрондық темекінің бала үшін қауіпті екені туралы әңгіме өткізілді.
Жасөспірімдердің электрондық темекіні шегуі денсаулыққа қандай зиян тигізеді?
Темекі және электрондық темекі кәмелетке толмағандардың денсаулығына өте қауіпті.
Себебі бұлардың құрамында улы никотин бар. Ол адамның ағзасына жағымсыз әсерін тигізеді. Көптеген жастар мен жасөспірімдер электрондық темекінің еш зияны жоқ деп ойлайды. Бірақ тұтыну барысында никотин көбірек ағзаға еніп өзінің кері әсерлерін береді. Ал енді электрондық темекінің және классикалық темекінің зияны туралы айтайық: • Тыныс алудың қиындауы,
• тұрақты жөтелдің пайда болуы,
• қалқанша безінің қызметі нашарлайды,
• жүрек аурулардың пайда болуы оның ішінде инфаркт , инсульт , тері проблемалары,
• орталық жүйке жүйесінің бұзылуы, эмоционалды немесе белсенді болуы, депрессияға түсу,
• есте сақтау қабілетінің нашарлауы,
• қол моторикасы және координацияның баяу дамуы,
т.б ауруларға шалдығуы мүмкін.