Текст
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернатында «Денсаулық - зор байлық» тақырыбында 5 сыныппен бірге ашық сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулық адам баласының тозбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру.
Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар өздеріне керекті көптеген ақпараттарды біліп алды.
Сынып жетекшісі Сугирбаева Б.С.