Текст
Ағымдағы жылдың 4-14 қазан аралығында «Жұлдыз» мектеп-интернатында гуманитарлық бағыттағы пәндерді біріктірудің онкүндігі өтті. Онкүндік аясында «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша Ыбырай Алтынсарин «Дүние қала етсең табылады?»тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың оқу мақсаты: көркем шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін портрет және іс-әрекеттер арқылы ашу. Барлық оқушылар мұғалім қойған тапсырмаларды орындады. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқу мақсатына қол жеткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сугирбаева Болдыкыз Сеитбековна.