Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі – ППҚҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі
06.11.2026
«Жұлдыз» мектеп-интернатында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі (ППҚҚ) мамандарының «Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі – ППҚҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі» тақырыбында әдістемелік бірлестік отырысы өтті.
Отырыс барысында қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, жанжалды жағдайлардың алдын алу және білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жұмысын жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Психологиялық қауіпсіздіктің әрбір баланың эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз етудегі, табысты бейімделуі мен үйлесімді дамуына жағдай жасаудағы маңызды рөліне ерекше назар аударылды.

Просмотров: 77