Бастауыш сынып оқушыларының зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту тәсілдері

05.11.2026

2026 жылғы 5 қарашада «Жұлдыз» мектеп-интернатында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді.

«Бастауыш сынып оқушыларының зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту тәсілдері» тақырыбында 2 «А» сынып мұғалімі Баяндинова Д.В. баяндама жасады.

Сонымен қатар, 1, 3-сынып мұғалімі Седенкова Н.В. «Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы саралап оқыту тәсілі» тақырыбында өз баяндамасын ұсынды.

Мұғалімдер өз баяндамаларының тақырыптарын жан-жақты ашып, әріптестерімен өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Әдістемелік бірлестік отырысында мынадай шешім қабылданды: бастауыш сынып сабақтарында саралап оқыту тәсілін және кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде қолдану.

Седенкова Н.В.

Просмотров: 99


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу