Мейірімділік пен құрмет күніне орай «Жұлдыз»
23.10.2026
Мейірімділік пен құрмет күніне орай «Жұлдыз» мектеп-интернатының кәсіподақ комитеті құрметті еңбек демалысына шыққан қызметкерлерді құттықтап, көп жылғы адал еңбектері мен мекемеміздің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс белгісі ретінде сыйлықтар табыстады.
Құрметті әріптестерімізге кәсіби шеберліктері, өз ісіне деген адалдықтары және ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбектері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, жан жылуын және ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз!
Құрметпен,
«Жұлдыз» мектеп-интернатының кәсіподақ комитеті

Просмотров: 258