Текст
06.05.2026
7 және 9 мамыр — жүрекке жақын, мағынасы терең күндер. Осы күндерге орай біз ерекше концерт ұйымдастырдық. Сахнадағы әрбір өнер нөмірі — өткенге деген құрмет, бейбіт өмірге деген шынайы алғыс болды. Ән айтылды, күй шертілді, би биленді… Бірақ ең бастысы — әрбір жүректе естелік жаңғырды. Осы күні барша ер азаматтарды шын жүректен құттықтаймыз! Елдің тірегі, отбасының қорғаны болып жүрген сіздерге денсаулық, күш-қуат және амандық тілейміз.


