«Жұлдыз» мектеп-интернатының оқушылары Бурабайдағы Иманаев бұлағының бақылау алаңына шағын саяхат жасап қайтты — табиғат әр дыбысы мен әр көрінісінде жан біткендей әсер қалдыратын ерекше орын.
Бурабайды бекерге Қазақстанның інжу-маржаны деп атамайды: асқақ қарағайлы ормандар, таза ауа, мөлдір көлдер мен жартас таулар ерекше тыныштық пен үйлесім сыйлайды. Мұнда күнделікті қарбаласты ұмытып, табиғаттың сұлулығынан ләззат алуға болады.
Оқушыларға ерекше әсер қалдырған — Иманаев бұлағы. Жасыл желек пен тастардың арасында орналасқан бұл сарқырап аққан бұлақтың суы салқын әрі табиғи күшке толыдай сезіледі. Бұл — демалып, ой жинақтауға таптырмас орын.
Бақылау алаңынан ашылатын көрініс те керемет: көз жетпес ормандар мен көгілдір аспан ерекше әсер сыйлайды. Әр оқушы табиғатпен үйлесімділікті сезініп, естелікке әдемі суреттер түсірді.
Мұндай серуендер тек жақсы эмоциялар сыйлап қана қоймай, туған өлкені тереңірек танып, оның сұлулығын бағалауға және табиғатты аялауға үйретедію.