АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Мен таңдаған жол – салауатты өмір салты

06.04.2026

    2026 жылғы 6 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының "Жұлдыз" санаторлық типтегі облыстық орта мектеп- интернаты" КММ-нің орыс тілде оқытылатын бастауыш сынып оқушылары арасында   “Мен таңдаған жол – салауатты өмір салты” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты –бастауыш сынып оқушыларында салауатты өмір салты туралы түсінік қалыптастыру және өз денсаулығына қамқорлық жасауға ынталандыру. Тәрбие сағаты барысында оқушылар белсенділік танытып, денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтып, түрлі танымдық ойындарға қатысты. “Пайдалы және зиянды тағамдар” тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, дұрыс тамақтанудың адам өміріндегі рөлі туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, спортпен шұғылданудың, күн тәртібін сақтаудың және жеке гигиенаның маңызы кеңінен түсіндірілді. Оқушылар салауатты өмір салтын ұстану – денсаулық кепілі екенін түсінді. Тіпті кішкентай қадамдар: жаттығу жасау, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау — денсаулықты ұзақ жылдар бойы сақтауға көмектеседі.

Қорытындылай келе, бұл тәрбие сағаты оқушыларға үлкен әсер қалдырып, олардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырды.

Бастауыш сынып мұғалімі: Касенова Н.К.

Просмотров: 861


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст