АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Наурыз

21.03.2026

Мектеп-интернаттың кәсіподақ комитеті қызметкерлерге арнап Наурыз мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастырды. Ортақ дастархан басында әріптестер жылы әрі достық атмосферада бас қосып, ұлттық тағамдардан дәм татып, көтеріңкі көңіл-күймен бөлісіп, бір-біріне шынайы тілектерін арнады.
Мекеме басшысы Алибаева Гульнара Аманжоловна барша ұжымды мерекемен құттықтап, алғысын білдіріп, әрқайсысына бейбітшілік, амандық және еңбектеріне табыс тіледі.
Басты тағам – береке, молшылық пен жаңарудың нышаны саналатын наурыз көже болды.
Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Әр шаңырақта әрдайым тыныштық, қуаныш пен молшылық орнасын, әр күніңіз бақытқа, үйлесімге және жаңа жетістіктерге толы болсын!
Құрметпен,
кәсіподақ комитеті

Просмотров: 197


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст