АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

19.03.2026

 

           2026 жылғы 17 наурызда Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторий типті облыстық орта мектеп-интернаты» КММ-де жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

ӘБ отырысына келесілер қатысты: оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары – география пәнінің мұғалімі Өмірханова М.С., информатика пәнінің мұғалімі – Келдиярова М.Б., химия пәнінің мұғалімі – Логинов Д.А., физика пәнінің мұғалімі – Айткен Б.А., биология пәнінің мұғалімі – Айткен Н.Б., математика пәнінің мұғалімі – Ахметова А.М., математика пәнінің мұғалімі – Идрисов Б.Г.

            ӘБ отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. Үшінші тоқсанда өткізілген мектепішілік іс-шаралардың қорытындылары.

2. Оқушылар мен педагогикалық ұжымның жалпымектептік іс-шараларға қатысуын талдау.

3. Үшінші тоқсандағы ӘБ жұмысын талдау.

4. Пән мұғалімдерінің баяндамалары.

5. Сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру.

           Әдістемелік бірлестікте мектеп іс-шараларының қорытындылары шығарылып, оқушылар мен педагогикалық ұжымның жалпымектептік іс-шараларға қатысуы тыңдалды.
          Сондай-ақ, ЖМБ ӘБ жұмысы талданып, химия пәнінің мұғалімі Логинов Д.А. «Химия сабақтарында балалармен жеке жұмыс» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада химия пәнін оқыту кезінде жеке тәсілдің қажеттілігі ашылды. Мектептегі химия курсын және басқа пәндерді оқу кезінде мотивация мен білім сапасын арттыру мәселелері қозғалды. Сабақтарға өзара қатысудың қажеттілігі туралы мәселе қарастырылып, бұл мұғалімдердің бір-бірінен үйренуіне және өз ісінің нағыз шебері болуына көмектесетіні атап өтілді.

         ӘБ отырысының қорытындысы бойынша, мектеп-интернаттың оқу-тәрбие процесінде оқушылардың танымдық белсенділігі мен химиялық сауаттылығын қалыптастыруда заманауи тәсілдерді, сондай-ақ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту кезінде оқушылардың қызығушылығын пайдалану бойынша ұсынымдары бар шешім шығарылды. Сондай-ақ, оқушылар мен педагогикалық ұжымның жалпымектептік іс-шараларға белсенді қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау ұсынылды. Әріптестердің сабақтарына қатысу арқылы тәжірибе алмасу практикасын қолдану — педагогтің кәсіби дамуының негізі.

 

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст