Текст
11.03.2026
«Жас педагог мектебі» жұмысы аясында мектеп-интернаттың жас мамандарымен педагог-психологтың кездесуі өткізілді. Кездесудің мақсаты – жас мамандардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету, өзара қарым-қатынас дағдыларын дамыту және эмоционалдық шиеленістің алдын алу болды.
Кездесу барысында қатысушылар педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін талқылап, тәжірибе алмасып, кәсіби қиындықтарды еңсеру жолдары бойынша пайдалы ұсыныстар алды. Бұл өз кезегінде ұжымдағы қолайлы психологиялық ахуалды нығайтуға ықпал етті.