05.02.2026
Бүгін «Жұлдыз» мектеп-интернатының оқушылары Бурабайдағы көл жағалауымен қысқы серуенге шықты. Қар жамылған көркем табиғат, тыныштық пен мөлдір аязды ауа балаларға ерекше тыныштық пен қуаныш сыйлады.
Оқушылар қар басқан соқпақтармен серуендеп, қысқы пейзаждарға тамсанып, көл мен айналадағы табиғатты тамашалады. Балалар бір-бірімен әңгімелесіп, әсерлерімен бөлісті, қар атысып ойнады, тау мен орман аясында естелік суреттерге түсті.
Мұндай серуендер балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, айналадағы әсемдікті сезінуге, табиғатпен үйлесім табуға, мектеп қабырғасынан тыс еркін қарым-қатынас жасауға үйретеді.
Бурабайдың қысы бізге қарапайым сәттердің қадірін түсіндіріп, жүрекке шабыт ұялатады. Осындай серуендер мен шаттыққа толы сәттер көп болғай!