Текст
26.01.2026
25 қаңтар күні оқушыларды әдеби мұрамен таныстыру және туған өлкенің поэзиясына қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Туған өлкенің ақындары» атты тақырыптық сағат өткізілді. Іс-шара оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, мәдени дәстүрлерге құрмет қалыптастыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға бағытталды.
Тақырыптық сағат барысында қатысушылар шығармалары туған жердің тарихын, табиғатын және жан дүниесін бейнелейтін ақындардың өмірі мен шығармашылығымен танысты.Қатысушылардың ерекше қызығушылығын өлең оқу сәті тудырды. Оқушылар ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқыды. Іс-шара ақындардың портреттері, кітап көрмесі және иллюстрациялық материалдар көрсетілімімен сүйемелденді.
Жауапты: Алекенова Л. Б. Келдиарова М. Б. Рыспаева А. К.



