06.01.2026
2026 жылғы 6 желтоқсанда тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті, оның барысында екі баяндама тыңдалды. Шарадағы баяндамалар өзектілігімен, практикалық мәнімен ерекшеленді және қазіргі тәрбие жұмысының талаптарына сай болды.
Тәрбиеші Ошақпаева Н.О. «Қазіргі тәрбие әдістері» тақырыбында баяндама жасап, тәрбие процесін ұйымдастырудағы заманауи тәсілдерді қамтып, тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыруға үлес қосты.
Педагог-психолог Лебедева Т.В. «Эмоционалдық күйді өздігінен реттеу – тәрбиешілердің эмоционалдық күйзелісін алдын алу» тақырыбында практикалық тренинг өткізді, ол эмоционалдық тұрақтылық дағдыларын қалыптастыруға және педагогтардың кәсіби күйзелісін алдын алуға септігін тигізді.
Әдістемелік бірлестік отырысында мынадай шешімдер қабылданды:
1. Ұсынылған жұмыс тәжірибесін ескере отырып, тәрбиешілердің практикалық қызметінде қолдану.
2. Тәрбиешілерге тәрбиеленушілермен жұмыс барысында қазіргі тәрбие әдістерін қолдануды ұсыну.
3. Педагогтардың эмоционалдық күйзелісін алдын алу мақсатында практикалық тренингтер мен психологиялық іс-шараларды жалғастыру.
Алекенова Л.Б
