Текст
05.12.2025
Ақмола облысы білім басқармасының "Жұлдыз" санаторлық типтегі облыстық орта мектеп - интернатында 2025 жылдың 1 желтоқсанында мемлекеттік тілде оқытылатын 8 - сыныбында "Тәуелсіз елім - Қазақстан" атты ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды Қазақстанның тәуелсіздігі мен оның маңыздылығымен таныстыру. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы тарихи оқиғалар туралы түсінік беру. Тәуелсіздік құндылығын бағалай отырып, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, берілген сұрақтарға тез жауап бере білді. Постер құрастыру кезінде де оқушылар бар білімдерін көрсетті.
Сынып жетекші: Кудиярова А.Б.
