Текст
27.11.2025
Мектеп-интернаттағы психология-педагогикалық қолдау қызметі оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға және айналасымен тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған тренингтер өткізеді. Топтық жұмыс барысында балалар бір-бірін тыңдап, түсінуге, өз ойларын сыпайы әрі сауатты жеткізуге, қақтығыстарды конструктивті түрде шешуге үйренеді.
Бұл тренингтер сынып ұжымын нығайтып, әрбір қатысушының жеке ерекшеліктеріне құрметпен қарауды, эмпатияны қалыптастыруға ықпал етеді. Нәтижесінде оқушылар тек оқу үдерісінде ғана емес, болашақ кәсіби және тұлғалық өмірінде де қажет болатын әлеуметтік құзыреттерді меңгереді.
