Текст
24.11.2025
Мектеп-интернаттағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі тарапынан адаптациялық іс-шаралардың жүргізілуі бесінші сынып оқушыларының білім беру ортасына сәтті бейімделуіне және психологиялық қауіпсіздік сезімін қалыптастыруына негізгі шарт болып табылады. Адаптациялық жұмыстың маңызды бөлігі – оқушылардың әлеуметтік дағдыларын нығайтуға және қоршаған ортамен сындарлы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін топтық қолдау түрлері.