АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Табиғат әлемі – балалар көзімен

13.11.2025

Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жұлдыз» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Қазақстанның әсем өңірлерінің бірі – Бурабайда орналасқан табиғат мұражайына қызықты экскурсия жасап қайтты.

Сапардың мақсаты – оқушылардың таным көкжиегін кеңейту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға баулу және туған табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болды. Балалар Бурабайдың бай жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен ерекше қызығушылықпен танысты. Әрбір зал оқушылардың алдына жаңа әлем ашқандай әсер қалдырды – ну ормандардан биік тауларға дейін. Мұражай экспозициялары арқылы тәрбиеленушілер сирек кездесетін жануарлар мен құстарды, жәндіктерді тамашалап, Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер жайлы көп мағлұмат алды.

Оқушыларға ерекше әсер қалдырған бөлім – өңірдің тарихы мен табиғи ерекшеліктеріне арналған зал болды. Мұражай қызметкерлері экожүйені сақтау мен туған өлкенің болашағына қамқор болудың маңыздылығын түсіндірді.

Экскурсия барысында балалар көптеген әсерлі естелік фотолар түсірді. Оқушылардың айтуынша, бұл сапар оларда ұмытылмас әсер қалдырып, табиғаттың – барлығымыздың ортақ үйіміз екенін және оны қорғаудың қажеттігін еске салды. Табиғат мұражайына жасалған бұл экскурсия тәрбиеленушілердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған тағылымды іс-шара болды.

Мекеменің әлеуметтік-педагоикалық қызметкерлері: Т. Лебедева, О. Грачева
Тәрбиешілер: А. Рыспаева, Л. Алекенова

Просмотров: 7


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст