11.11.2025
2025 жылдың 11 қарашасында Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» типтегі облыстық орта мектеп-интернатында 5–9 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімі Бурабай ауданының аға УИП, полиция майоры Сипулькин Е. С. кездесті.
Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар көтерілді:
• кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығы және олардың арасындағы құқықтық қатынастар;
• мектеп ортасындағы буллинг және кибербуллинг;
• жол қозғалысы қауіпсіздігі.
Полиция майоры интернетте және нақты өмірде өзін қорғау жолдары, заң талаптарын сақтау және өзгенің құқығын құрметтеудің маңызы туралы жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ жасөспірімдердің құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі мен өзара сыйластық пен сенімнің қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер оқушыларға жеке қауіпсіздік пен құқықтық мәдениет мәселелеріне саналы түрде қарауға көмектеседі.
Әлеуметтік педагог: Грачева О.А.