АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗ» САНАТОРЛЫҚ ТИПТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ​
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЛАСТНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА-ИНТЕРНАТ САНАТОРНОГО ТИПА «ЖҰЛДЫЗ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

2025 жылғы 30 қазан күні “Жұлдыз” санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернатында тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. «Оқушыларда салауатты өмір салтына деген қажеттілікті тәрбиелеу арқылы тұрақты адамгершілік идеалдарын қалыптастыру»

31.10.2025

2025 жылғы 30 қазан күні “Жұлдыз” санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернатында тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

«Оқушыларда салауатты өмір салтына деген қажеттілікті тәрбиелеу арқылы тұрақты адамгершілік идеалдарын қалыптастыру» тақырыбында баяндамамен тәрбиеші Рыспаева А. А. сөз сөйледі.

Екінші баяндаманы дене шынықтыру нұсқаушысы Габерман А. А. «Спорттық секцияларда денсаулық сақтаушы технологиялар» тақырыбында жасады.

Екі баяндама да мазмұнды және өзекті болды. Баяндамашылар тәрбиеленушілердің денсаулыққа құндылық тұрғысынан қарауын қалыптастырудың маңызды қырларын ашып, салауатты өмір салтына тұрақты мотивацияны дамытуға ықпал ететін тиімді жұмыс түрлері мен әдістерін ұсынды. Баяндамалардың материалдары тәрбие жұмысында қолдануға ұсынылды.

Әдістемелік бірлестіктің шешімі:
Берілген ақпаратты назарға алу.
Баяндамашыларға денсаулық сақтау технологияларын енгізу және мектеп-интернат тәрбиешілері арасында оң тәжірибені тарату бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.

ӘБ жетекшісі:
Алекенова Л. Б.

Хатшы:
Рыспаева А. А.

Просмотров: 324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст