Текст
30.10.2025
2025 жылғы 29 қазанда «Жұлдыз» мектеп-интернатында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. «Бастауыш сыныпта деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі» тақырыбында 4-сынып мұғалімі Сарсекеева А.А. баяндама оқыды. Сондай-ақ, «Оқушыларды бастауыш сыныптан сыни тұрғыдан ойлауға баулу» тақырыбында 3-сынып мұғалімі Нұрташ Ж.Б. баяндама оқыды. Мұғалімдер өз баяндамаларының тақырыптарын ашып, әріптестерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Әдістемелік бірлестік отырысының шешімімен бастауыш сыныптарда сыни ойлау және саралап оқыту технологияларын қолдану туралы шешім қабылданды. Седенкова Н.В.