29.10.2025
Ақмола облысы білім басқармасының “Жұлдыз” санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты" КММ-де 2025 жылғы 28 қазан күні қоғамдық - гуманитарлық бағыттың ӘБ өтті. Әдістеме бірлестігінде тарих пәндерінің мұғалімдері - Логинов Д.А. «Работа с историческими источниками на уроках истории», Ахметов А.Қ. «Ойын технологиялары арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру» атты өз баяндамаларын оқыды. Әр мұғалім өз сабақтарының мақсаты мен міндеттерін, әдіс-тәсілдері мен сабақта қолданылған ойын түрлеріне тоқталып кетті.
Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық-гуманитарлық сабақтарда ойын технологияларын қолдану және тарих сабақтарында тарихи дереккөздермен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілген шешім қабылданды. #Қоғамдық-гуманитарық бағыт# Әдістеме бірлестігі#
Өткізген қоғамдық - гуманитарлық бағыттың әдіскері: Кудиярова А.Б.