Текст
23.10.2025
2025 жылғы 22 қазанда «Жұлдыз» мектеп-интернатында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке оқушылардың патриоттық рухын арттыру, тарихқа және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, өлең оқып, көріністер қойып, би биледі. Залда нағыз мерекелік көңіл-күй орнап, әрбір өнер көрсетілімінен Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі байқалды.