27.05.2025
Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Ақмола облысы білім басқармасының “Жұлдыз” санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты” КММ -де сынып жетекшілердің ӘБ отырысы өтті. ӘБ отырысында мемлекеттік емес тілде оқытылатын 5-сыныптың сынып жетекшісі - Жумабаев А.К. “Диалогтік технология” атты баяндамасын оқыды. Баяндамасында оқушылармен диалогтік тәсілдің арқасында өз ойын анық жеткізуіне, ашылуына, сөздік қорының молаюына септігін тигізетіні туралы айтылды. Келесі мемлекеттік тілде емес оқытылатын 7-сыныптың сынып жетекшісі - Алпысов Е.Б. өз баяндамасын оқыды. “Оқыту үрдісіндегі педагогикалық технологияларды сабақта пайдалану” атты баяндамасымен таныстырып өтті. Оқушыларға сабақты қызықты өткізу үшін әр түрлі техногияларды қолданғаны жайлы айтып кетті. Келесі мемлекеттік тілде емес оқытылатын 9-сыныптың сынып жетекшісі - Ахметов А.К. сөз сөйледі. “Сынып жетекшісі- тәрбие жүйесінің негізі” атты баяндамасын оқыды. Мақсаты: оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюы.
Сынып жетекшілердің ӘБ жетекшісі: Кудиярова А.Б.