22.05.2025
2025 жылдың 21 мамырында Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты» КММ «2024-2025 оқу жылының аяқталуы тақырыбында» педагогикалық кеңес өтті.
Басшысы Г.А. Алибаева педагогикалық ұжыммен амандасып, 2024-2025 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысын қорытындылады.
Басшының ОЖ жөніндегі орынбасары М. С. Умирханова 1-10 сыныптарда бағдарламалық материалды орындауды, оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын 4 тоқсан және 2024-2025 оқу жылында қорытындылады.
2024-2025 оқу жылындағы "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" тәрбие бағдарламасының іске асырылуын талдаумен басшының ТЖ жөніндегі орынбасары Б.С. Сугирбаева сөз сөйледі, аттестаттау комиссиясының төрағасы бола отырып, ұсынылатын біліктілік санаттары бар 2025-2026 жылы аттестатталатын педагогтардың тізімін қарауға ұсынды.
Дене шынықтыру және шығармашылық бағыт онкүндігін өткізу бойынша есепті ӘБ жетекшісі А.З. Бейсембаева ұсынды.
ЖМБ әдістемелік бірлестігінің жетекшісі М.Б. Кельдиарова Экология онкүндігін өткізу туралы есеп берді.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысын талдауды педагог-психолог Т.В. Лебедева мен әлеуметтік педагог О.А. Грачева ұсынды.
Кітапхана меңгерушісі Е.В. Чиянова мектеп кітапханасының жұмысы және «Оқу мектебі» жобасын іске асыру бойынша есеп берді.
Дене шынықтыру нұсқаушысы Е.Б. Алпысов пен қосымша білім беру педагогы А.К. Есимбекова үйірмелер мен секциялардың жұмысын қорытындылады.
Соңында педагогикалық кеңестің шешімі қабылданды.
Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М. Умирханова