Жас бастауыш сынып оқушысының эмоционалдық амандығы – оның жалпы дамуы мен психикалық денсаулығының маңызды аспектісі болып табылады. Отбасындағы жылы, қолдаушы және қауіпсіз орта баланың оң өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға ықпал етеді. Ата-ананың эмоционалдық қолдауы, махаббаты мен қабылдауы өзіне деген сенімділік пен эмоционалдық тұрақтылықты, әлеуметтік өзара әрекеттесу және эмоциялық интеллект дағдыларын дамытуға септігін тигізеді; маңыздылық пен тиістілік сезімін қалыптастырады. Ата-аналардың оқу процесіне қатысуы, үй тапсырмаларын орындауға көмектесуі және оқуға ынталандыруы оқуға деген оң көзқарас пен өз мүмкіндіктеріне деген сенімділікті қалыптастыруға әсер етеді.
Гармониялы және қолдаушы отбасылық ортаны құру – бастауыш сынып оқушысының эмоционалдық амандығының негізі. Бұл үдерісте ата-аналар басты рөл атқарады, олардың көңіл бөлуі, қамқорлығы мен түсіністігі баланың дамуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Әлеуметтік педагог О. Грачева
Педагог-психолог Т.Лебедева