Текст
2025 жылғы 17 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының "Жұлдыз" санаторлық типтегі облыстық орта мектеп- интернаты" КММ-нің 3-сыныбында "Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік" атты тақырыпта ашық сынып сағаты өтті. Мақсаты: жолда жүру ережелерін дұрыс түсініп, оны пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережелерін бұлжытпай орындауға тәрбиелеу. Жол ережелерін қайталату арқылы, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылар ашық сынып сағатына қызығушылықпен белсене қатысты.