«Жасөспірім»
Балалар білім алуы керек
қазіргі уақытқа емес,
және болашақ үшін ...
И. Кант
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу. Осы мақсатта Ақмола облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. ЖПІ аясында білім беру ортасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, балаларға қатысты қылмыстық әрекеттерді анықтауға, көшелер мен қоғамдық орындарда бұзақылық пен қоғамға жат әрекеттердің жолын кесуге ерекше көңіл бөлінеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасында құқық бұзушылықтың жолын кесу, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылық әрекеттердің алдын алу. «Жұлдыз» мектеп-интернаты да шет қалмады. 11.04.2025 жылы Жедел-профилактикалық іс-шара Бурабай полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Мукушев Ильяс Қанатұлы ЖПІ «Жасөспірім» барысында 5-10 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Әңгіме барысында балалар қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Әлеуметтік педагог О.Грачев