2025 жылдың 17 наурызында «Жұлдыз» облыстық санаторий типтес мектеп-интернаты» КММ-де ҰОАО Наурыз мейрамына арналған мерекелік эстафета өтті. Іс-шараға қазақ және орыс тілдерінде білім алатын мектеп-интернат оқушылары мен мектеп қызметкерлері белсенді қатысты. Мереке Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды, оқушылар мен қызметкерлер импровизацияланған ауылдарға бөлінді. Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне арналған әндер шырқалып, ұлттық ойындар мен түрлі эстафеталар ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастыру барысында ерекше үлес қосқан мектеп-интернат директоры Алибаева Г.А., оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Өмірханова М.С., тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Сүгірбаева Б.С., кәсіподақ комитетінің төрайымы Камаева Н.А. және белсенді қатысқан барлық қызметкерлер мен мектеп-интернат оқушыларына алғысымызды білдіреміз.