Текст
7 наурыз күні мектебімізде көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні аталып өтті! Мерекелік кеште оқушылар әсем әндер шырқап, әсерлі билер билеп, жүрекке жылы тиер өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, көркем қойылым қойылып, ұстаздар да өз өнерлерін көрсетіп, ән шырқады. Барлық мектеп қызметкерлерін осы ерекше күнмен құттықтап, жүрекжарды тілектер айтылды.
Көктемнің шуағы сіздерге қуаныш пен бақыт сыйласын!
Жауапты: Н.Ноярбеков, А.Ахметов