Текст
2025 жылғы 14 наурыз күні Ақмола облысы білім басқармасының "Жұлдыз" санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернатында көрісу күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. 14 наурыз — Көрісу күні. Бұл күнді амал мерекесі деп те атайды. Осы күні мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары бұрыңғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тіледі. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Осы ырымға сүйене отырып, бастауыш сынып оқушылары мұғалімдерімен бірге жоғары сынып оқушыларына барып көрісіп шықты. Және де мерекелік іс-шарада оқушылар би билеп, ән салды.
Жауапты: Нұрташ Ж.Б., Сарсекеева А.А.